Abstract:
Қай халықтың болмасын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – рухани құндылықтар жүйесі. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы еліміз тұлғаны қалыптастырмақ. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Халқымыздың ұлттық, мәдени мұраларын ескермеу, оның мән-маңызына көз жібермеу болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына теріс ықпалын тигізері сөзсіз. Соныдықтан да рухани- адамгершілік мәселелерін білім беру парадигмаларының мазмұна ендіру көзделуі керек. Рухани – құндылықтармен міндеттері білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Бүгінгі таңдағы маңызды мәселе жас ұрпақтың азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.