Abstract:
Бұл мақалада Қазақстандағы орта білімнің жаңартылған мазмұны тұрғысынан мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімнің рөлі қарастырылады. Сонымен қатар, оқушылардың әлеуметтік-педагогикалық нәтижелеріне жету үшін педагогикалық білімдерді, дағдыларды, кәсіптік маңызды тұлғалық қасиеттерді интеграциялау сияқты қасиеттер қарастырылады. Сабақтарда қолданылатын белсенді оқыту әдістері функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді.