Abstract:
Мәтін талдау – оқылым дағдысын жетілдіру үшін қолданылатын тапсырмалардың бірі. Мәтінді тұтастай алып талдау арқылы оқушылар оның эстетикалық табиғатын түсінеді және филологиялық білім дағдыларын дамытады. Бұл жұмыс түрі арқылы оқушы мәтіндерді жан-жақты саралауға, астарлы ойды түсінуге, ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге үйренеді.