Abstract:
Жаңартылған білім беру бағдарламасы педагог тұлғасын жан-жақты қалыптастырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, білім алушылардың оқу нәтижелерін көтеруге, оқушыларға қолайлы орта құрып, сын тұрғысынан ойлауға және алған білімін өмірде қолдана білуге бағытталған. Мақсаты:спиральді оқыту жүйесі негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып, оқушының функционалды оқу сауаттылығын қалыптастырып, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра алуға көмектеседі.