Abstract:
Авторлар берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған білім берудің жаңартылған бағдарламасы және оның болашақ ұрпақтың білім алуындағы алатын орны туралы нақты баяндайды. Бұл үдеріс педагогикалық теория мен практикада түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас іздемпаздығымен шығармашылық жемісін талап етеді.