Abstract:
Мақалада Қазақстанда білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзектілігі туралы қарастырылады. Ұлы педагог, көрнекті ағартушы-демократ, жазушы, балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсариннің Қазақстанда оқу - ағарту ісінің дамуында алатын орны ерекше. Ы. Алтынсариннің ағартушылық тұрғыда жазған еңбектері қазіргі кездегі болып жатқан өзгерістерге байланысты ерекше маңызға ие болуда.Ұлы педагог - ағартушының идеялары білім беру жүйесімен үндесіп, мәңгілік мұра болып қала береді.