Abstract:
Сегіз аяқ – Абайдың терең психологияға құрылған күрделі өлеңдерінің бірі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбынан 11-сыныбына дейінгі оқу бағдарламасына Абай шығармалары жүйелі түрде енгізілген. Сынып жоғарылаған сайын ақын шығармалары да күрделене түседі. Ақынның «Сегізаяқ» өлеңі жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында берілген. Өлеңдегі «алыстан сермейтін де, жүректі тербейтін де» тіл. Соның мəнін жоғары сыныпқа ұғындыру үшін мақаламызға бірнеше əдісті енгіздік.