Abstract:
Қазақ топырағынан шыққан əл-Фараби, Абай мен Шоқанды айтпағанда Қазақстанда аспаптану ғылымы 1964 жылдан бастап қана қолға алына бастады. Халық арасында домбыра, қылқобыз, сыбызғы, т.б. дəстүрлі музыкалық аспаптар жасаушылар болғанымен, олар бұл іспен арнайы айналысып, шеберханалар ашқан емес. Домбыра тек тұтас ағаштан ойылып жасалды. Құрап жасау кейін пайда болды. Бұл мақалада Қазақстанда домбыра жасау ісі қалай, қашан жүзеге
аса бастағаны, ұлттық аспабымыздың сапасын жақсарту жайы зерделенеді.