Abstract:
Мақалада етістіктің сабақтылық белгісі оның тұлға ерекшеліктеріне емес, лексика-грамматикалық мағыналарына байланысты екендігі, салт етістіктер өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақтыға айналатындығы жəне етістіктің ерекше формасы есімшелер жайлы айтылады. Етістіктің атрибутивтік қызметі тікелей есімше жұрнақтарының етістікке үстейтін сындық мағынасымен, етістік формаларының грамматикалық мағынасымен байланысатындығы көрсетілген. Сабақты етістіктер мен есімше жұрнағының лексика-грамматикалық тіркесімділік мағыналарының байланысу ерекшеліктерін ашып, олардың арасындағы қатынастарға қатысты көзқарасын білдіреді.