Abstract:
Мақалада студент жастардың оқу мотивациясының гендерлік ерекшеліктері теориялық талданып, эмпирикалық зерттелді. Теориялық талдауда шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың оқу танымдық мотивация жəне оның гендерлік аспектісі қарастырылды. Эмпирикалық зерттеуге тақырыпқа сəйкес психодиагностикалық əдістемелер талданып, студенттермен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің нəтижелері студенттердің оқу мотивациясын анықтауға негіз беретін «білімді меңгеру», «мамандықты игеру», «білімге деген құмарлық», «қиял», «күрделілікті ұнату», «іс-əрекетке бағыттылық», «өзінің ішкі мүмкіндіктерін ашуға деген бағыттылық» көрсеткіштері бойынша зерттеу тобына енген студентердің гендерлік ерекшеліктерді анықтады.