Abstract:
Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту принциптері мен тиімділігі, артықшылықтары, қашықтықтан білім алуға қажетті шарттар мен талаптар, қашықтықтан оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану қарастырылады. Мақалада денсаулығы бойынша мүмкіндігі шеектеулі тұлғалар үшін қашықтықтан білім беру жүйесін құру кезеңдеріне сипаттама беріліп, педагогикалық практикада оқытуды ұйымдастыру
түрлерінде қашықтықтан оқытуды қолдану ерекшеліктері баяндалады.