Abstract:
Өзектілігі: Графомоторлық шеберлік – бұл жазбаша дыбыстар мен олардың қосылыстарын бейнелеуге мүмкіндік беретін жазу қолының белгілі бір таныс позициясы мен қозғалысы. Дұрыс қалыптасқан графомоторлық шеберлік əріптерді анық, əдемі, тез жазуға мүмкіндік береді. Дұрыс қалыптаспаған графомоторлық шеберлік жазу қиындықтарының жиынтығын тудырады: ұқыпсыз, түсініксіз қолжазба, баяу жазу.
Мақсаты: Кіші мектеп жасындағы церебралды сал ауруына шалдыққан балаларда графикалық дағдыларды саусақ гимнастикасы арқылы дамыту.