Abstract:
Өзектілігі Қазіргі уақытта жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балалардың диалогтық сөйлеу мəселесі өзекті болып табылады. Өз ойларын нақты жеткізе білу, диалогқа кіру жəне қарым-қатынас жасау баланың жеке басын дамыту, оның əлеуетін іске асыру үшін үлкен маңызға ие. Бұл жұмыста жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балаларда диалогтік сөйлеудің даму ерекшеліктерінің теориялық аспектісі қарастырылады. Мақалада диалогтік сөйлеудің анықтамасы, диалогтық дағдылар топтары анықталған, жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп
жасына дейінгі балаларда диалогтік сөйлеудің даму ерекшеліктері көрсетілген.
Мақсаты: жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балаларда ойын арқылы диалогтік сөйлеуді дамыту.