Abstract:
Өзектілігі: Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (əсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі əдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі əсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
Мақсаты: Эстетикалық тəрбие-бұл баланың қоршаған ортаның сұлулығын байқауға, өнерді жақсы көруге жəне оған қатысуға қабілеттілігін арттыру.