Abstract:
Өзектілігі: Бейнелеу қызметі – бұл шындықтың нақты бейнелі танымы. Кез-келген танымдық іс-əрекет сияқты, оның мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тəрбиелеу үшін маңызы зор. Сурет салу, модельдеу жəне аппликация – бұл бейнелеу іс-əрекетінің түрлері, оның басты мақсаты – шындықтың бейнелі көрінісі.
Мақсаты: Бейнелеу өнері іс-əрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың көркем шығармашылығын дамыту жолдарын айқындау жəне оны меңгертудің тиімді əдіс-тəсілдерін жүйелеу.