Abstract:
Өзектілігі: Жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаты оқушыларға ғылыми негізде дəлелденген, терең білім беру. Сабақ барысында оқушылардың барлық сұрақтарын қанағаттандыру мүмкін емес. Сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысымен өзара байланыста оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыруға көмектеседі. Химия сабағының, зертханалық жəне сарамандық сабақтары оқушының тірі табиғат туралы, химия заңдылықтары жайлы меңгеруіне көмектеседі. Химия пəнінен сыныптан тыс жұмыстар оқушының жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуында маңызы зор.
Мақсаты:Химиядан сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырылуы мен түрлерін түсіндіру.