Abstract:
Тақырыптың өзектілігі білім беруді ақпараттандырудағы қоғамның əлеуметтік тапсырысымен жəне қазіргі білім беру парадигмасын компьютерлендірумен байланысты, ол білім беруді дамытуға, жеке, белсенді тəсілге, жалпы білім беретін мектептер базасында оқыту практикасына қашықтықтан сабақтарды енгізу қажеттіліктеріне бағытталған. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған көптеген құралдар бар: электрондық пошта, əлеуметтік желілер, бейнеконференция жүйелері, гипермəтіндік орта, мамандандырылған бағдарламалық жасақтама, олардың əрқайсысын бөлек немесе басқа құралдармен бірге пайдалануға болады.