Abstract:
Өзектілігі: Мақалада Ыбырай Алтынсариннің қазақ балалар əдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда бүлдіршіндерді тəрбиелеудегі өміршеңдігін қарастырдық. Ыбырай өз шығармаларында қазақ балаларына жаны ашып, олардың көзі ашық, көкірегі ояу, тəрбиелі, адамгершілігі мол болып қалыптасуларына тынбай еңбек етсе ғана жететіндіктерін дəріптеген. Бүлдіршіндерді білімге, ғылымға, адамгершілікке, өнегелікке, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуге өз əңгімелерінде, өлеңдерінде тілге тиек еткендігін аңғардық.