Abstract:
Өзектілігі: Бұл мақалада Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін талдай отырып, қазақ қоғамына еңгізген өзгерістері мен өзінің оқушылары арқылы барлық қоғамның рухани-адамгершілік дамуына қалай əсер еткені сөз етіледі. Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналып жазған еңбек-тері əлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Сол себепті де оларды білім беру бағдарламаларында қолдану жалғасуы керек екені айтылады.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолын, еңбегін айта отырып, жаңа буын жас мамандарға рухани-адамгершілік дамудың қалай жүзеге асуын көрсету.