Abstract:
Өзектілігі: Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик жəне ақын деп қана білмей, қазақ балалар əдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай – қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты əрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тəрəбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сəйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының əрбір ауыл
мектептерінде болуын қалады жəне соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.
Мақсаты: Ағартушының шығармалары мен педагогикалық əдістерінің еліміздің білім беру саласындағы рөлі мен маңызы, мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары жəне олардың қалай оқу керектігінің методикасын көрсету.