Abstract:
Өзектілігі: «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенінше үлес қосу – əрқайсымыздың міндетіміз», – деп кеткен көреген ғұламаның сөзі де, ісі де əрқайсымызды өмірге құлшындырып, жаңа ғасырлардан жалғасын тапқан. Ы.Алтынсариннің ХІХ ғасырдың аяғында өзінің педагогикалық қызметінде ұстанған негізгі принциптері ХХІ ғасырға аяқ басқан, Қазақстанның қазіргі рухани-мəдени дамуында өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, олар уақыт өткен сайын жаңа серпінге ие болып, дами түсуде.
Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеяларын зерттеу арқылы анықтау жəне қазіргі таңдағы білім беру үдерісімен байланысы мен үндестігін белгілеу.