Abstract:
Бұл мақалада Әл-Фарабидың еңбектері бойынша білім беру негіздері, оқытудағы әдістері, тәрбие формасы, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынастары және олардың қасиеттері қарастырылды. Әл-Фараби бойынша оқу жоспарын жіктеу формалары көрсетілді. Философиялық жүйе тұрғысынан Әл-Фарабидың білімге деген көзқарасының аспектілері анықталды. Мақалада «Екінші ұстаздың» әдістерін қазіргі заманда пайдалану туралы баяндалды.