Abstract:
Статьяда иіс газымен улану жағдайындағы биологиялық материалды зерттеу нәтижелері берілген. Иіс газымен улану деңгейінің негізгі көрсеткіші болып карбоксигемоглобин саналады. Осыған орай биологиялық материалдардағы карбоксигемоглобиннің сапалық анализі және сандық мөлшері спектрофотометрлік әдіспен «SPECORD-205» құрылғысында зерттелді.