Abstract:
Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған ортаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән – химия. Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады. Химия пәнін заманауи технологиялармен өткізу қазырғы заман талабы. Бұл мақалада химия пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдіс – тәсілдері мен маңыздылығымен тиімді жақтарын көрсетеді.Сабақ барысында АКТ – ны пайдаланудың оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы. Әр түрлі интернет сайттарын тиімді пайдалану, қағаз басты мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуі көрсетілген. Мұғалімдердің уақытты үнемдеуі, тақырыпты нақты әрі түсінікті өткізуі көрсетілген.