Abstract:
Оқушының жеке тұлғасы,оқуға деген ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Осы аталған қасиеттерді жетілдіру арқылы олардың білім көкжиегін кеңейтіп, дамыта аламыз. Сонымен қоса физика курсынан алған білімдерінің практикалық пайдаланылуы мен күнделікті өмірде қолданылуын көрсете алу үшін мұғалім шеберлігінің алатын орны ерекше. Мұғалім шеберлігі сабакка дайындығымен оның ішінде сабақ жоспарларын даярлауымен ерекшеленеді.Неғұрлым жоспар нақты болса солғұрлым сабақ жоғары деңгейде өтеді.