Abstract:
Кері тригонометриялық функцияларды зерттеу элементар математика бөліміндегі маңызды материалдардың бірі. Аталған тақырыпты оқушылар жақсы меңгерсе, онда оқушыларда тригонометриялық теңдеулер мен тригономериялық теңсіздіктер тақырыбын оқытуда, есептерді шығаруда қиындық туындамайды. Сондықтан, математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда кері тригонометриялық функцияларды зерттеу әдістемесін құру және зерттеу өзекті болып табылады.