Abstract:
Мотивация – бұл күш салу қарқындылығын жəне қызметтің бағытын бақылаудың күрделі процесі, сондай-ақ ол психологиялық процесс ретінде адам өмірінде маңызды жəне спорт саласындағы мотивацияның əсерін жанжақты зерттейді. Жоғары нəтижелер мен жеңістерге қол жеткізу үшін жаттығу процесі кезінде мотивацияны қалыптастыру маңызды. Ол үшін мотивацияның спортшылардың бойына бекітілуіне ықпал ететін басым себептер мен факторларды анықтау қажет.
Мақалада белгілі бір белсенділікке итермелейтін жəне нəтижесінде мотивацияның психологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға əкелетін мо-тивациялық механизмдер қарастырылған. Спорттық іс-əрекеттегі мотивацияны дамытатын сыртқы жəне ішкі факторларды талдау ұсынылған.