Abstract:
Мақалада қазіргі кездегі жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің жемқорлыққа қарсы жəне құқықтық мəдениетін қалыптастыру мəселесі қарастырылған. Тұлғаның жемқорлыққа қарсы жəне құқықтық мəдениеті мəселесі отандық жəне шетел ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, теориялық жағынан талданды жəне арнайы құрастырылған əлеуметтік-психологиялық бағдарлама арқылы студенттердің жалпы құқықтық мəдениетін көтеру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық диагностика жұмыстары жүргізілді. Нəтижесінде, зерттеу тобына енген студенттердің құқықтық жəне жемқорлыққа қарсы мəдениеті деңгейінің көтерілгені анықталды.