Вестник КГПИ 2021 №3
http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/5147
2024-03-29T13:52:59ZШОҚАН ЖƏНЕ САЛ-СЕРІЛЕР МЕН КҮЙШІЛЕР
http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/5167
ШОҚАН ЖƏНЕ САЛ-СЕРІЛЕР МЕН КҮЙШІЛЕР
Оспанұлы, С.; Мырзағалиева, К.
«Шоқанның таланты телегей-теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ биіктерге серпіліп жатады» [1,6 б.], – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, Ш.Уəлиханов жан-жақты, талант иесі. Ол – əдебиетші, əдебиеттанушы, тарихшы, географ, суретші, музыка-танушы, ауыз əдебиеті үлгілерін жинаушы, шығыстанушы, өнертанушы.
Ғалым қазақтың аңыз-əңгімелерінде Абылайдың айырықша қасиеті бар киелі керемет құдірет иесі болып саналғанын, Абылай дəуірі қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры екендігін, оның жорықтарға жəне батырлардың көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналғанын баяндай келіп, домбыра мен қобызда орындалатын күйлер Абылай заманында дүниеге көбірек келгенін айтады. «Көбі сол кезеңді сипаттайды, – деп жазады ол. –Халық күйі «Шаңды жорық» жаудан беті қайтып көрмеген жүрек жұтқан батыр Баян опат болған шабуыл кезінде шығарылған. Ал «Қоржын қақпай» Еділ қалмақтарына қарсы қысқы күн бойы ашығып, олжаға қолы əрең жетеді. Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абы-
лай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» [2,111 б.].
Хан Абылайдың дəулескер күйші, «Сары бура», «Жетім торы», «Дүние қалды», «Майда жал», «Қара жорға» сияқты күйлері болғаны белгілі. Шоқан қазасын əкесі Шыңғысқа атақты күйшілер Қанқожа мен Тулақтың күймен жеткізуі де бұл əулеттің музыка тілін жақсы түсініп, бағалай білгенін аңғартады. Мақалада Шоқанның отбасы,туған-туыстары өнерге құштар екендігі,сал-серілермен, күйшілермен
аралас-құраластығы айтылып, оны тереңірек зерттей түсу үшін қандай еңбектерді оқу керектігі де көрсетіледі.
2021-01-01T00:00:00ZҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ ІСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/5166
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ ІСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
Хамзина, К.Б.
Мақалада ұлттық тəрбие ісіндегі тал бесіктен жер бесікке жеткенге дейінгі салт, дəстүр, əдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері қарастырылады. Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуынан бастау алғандығы айтылады.
2021-01-01T00:00:00ZДОМБЫРА
http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/5165
ДОМБЫРА
Оспанұлы, С.; Мырзағалиева, К.
Қазақтың жеті кереметінің бірі – домбыра. Мақалада осы қарапайым музыкалық аспаптың атауының қайдан шыққаны, тарихы, пернелерінің ел арасында орныққан дəстүрлі атаулары, домбыра күйлеріндегі қағыстар, оны ерекше қадірлеп, жанындай сүйген тұлғалар жайында əңгіме қозғалады.
2021-01-01T00:00:00ZЭТНОГЕНЕТИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ ТАТОВ: ИСТОРИОГРАФИЯ ВОПРОСА
http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/5164
ЭТНОГЕНЕТИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ ТАТОВ: ИСТОРИОГРАФИЯ ВОПРОСА
Бекмагамбетов, Р.К.; Абасов, Н.А.
Данная статья представляет собой историографический обзор источников и литературы по изучаемому вопросу. В статье представлены этимология термина, история употребления термина тат, историческая трансформация смысла данного термина. Обзор исторических источников представлен в хронологическом порядке, рассмотрены источники: средневековые тюркские и арабские, источники советского периода и современности. Целью данной статьи явилось определение уровня изученности вопроса этногенетической истории татов, установление соответствий и различий в трактовке исторических понятий и определений, нахождение малоизученных областей вопроса исследования.
2021-01-01T00:00:00Z