Вестник КГПИ 2022 №2http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/60252024-03-28T20:20:43Z2024-03-28T20:20:43ZДЖОН ФАУЛЗДЫҢ «МАНТИССА» РОМАНЫНДАҒЫ ƏЙЕЛ АРХЕТИПІБазылханова, А.Т.http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/60432022-06-20T07:48:42Z2022-01-01T00:00:00ZДЖОН ФАУЛЗДЫҢ «МАНТИССА» РОМАНЫНДАҒЫ ƏЙЕЛ АРХЕТИПІ
Базылханова, А.Т.
Мақалада көрнекті ағылшын постмодернизм жазушысы Джон Фаулздың «Мантисса» романындағы əйел архетипіне талдау жасалады. «Мантисса» романы бір-біріне қабаттаса суреттелген кеңістіктегі образдарға, көптеген халықтар мен дəуірлердің шындықтары мен көркем əдебиеттеріне бағыттайтын дəйексөздер
мен мəдени-тарихи аллюзияларға толы интермəтін екені айшықталады. Романға негіз болып отырған архетип ұғымының өзектілігі талданады. Уақыт пен жағдайға бағынбайтын бірнеше образдарға бір мезетте айнала алатын бас кейіпкер Эрато –
«Мантисса» романындағы əйел бейнесінің архетипін ашу арқылы Джон Фаулз барлық кездегі барлық халықтардағы əйел психологиясының көрінісін қамтуға ұмтылады.
2022-01-01T00:00:00ZҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНА КЕШЕНДЕРІНДЕГІ ЕКІ ТІЛДІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУУмиртаева, Д.К.Жұмекенова, Д.Е.http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/60422022-06-20T07:45:43Z2022-01-01T00:00:00ZҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНА КЕШЕНДЕРІНДЕГІ ЕКІ ТІЛДІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Умиртаева, Д.К.; Жұмекенова, Д.Е.
Мақалада қостілділік туристік индустрияны дамыту тұрғысынан əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде қарастырылады. Туризм индустриясындағы билингвизмнің рөлі жəне Қостанай қаласының қонақ үй-мейрамхана кешендері қызметкерлерінің дайындық деңгейі талданады. Билингвизм лингвистикалық тұрғыдан да, психологиялық-педагогикалық жағынан да қарастырылады. Екінші тілді білу, сөзсіз, болашақ кəсіби маман даярлаудың өзекті тілдік компоненті ретінде қарастырылады.
2022-01-01T00:00:00ZMETHODOLOGICAL FEATURES OF COMPILING AND CONDUCTING CONTROL TASKS IN MATHEMATICSAbdullayeva, Zh. B.http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/60412022-06-20T07:42:44Z2022-01-01T00:00:00ZMETHODOLOGICAL FEATURES OF COMPILING AND CONDUCTING CONTROL TASKS IN MATHEMATICS
Abdullayeva, Zh. B.
The article is devoted to the study of methodological features of compiling and conducting control tasks in mathematics. Possible options for tests used to test students' knowledge, as well as the main tools in the preparation of control tasks, are considered. An algorithm for compiling and conducting control tasks in mathematics is provided.
2022-01-01T00:00:00ZМЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН СТЕРЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР ƏДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІЖакилова, С.О.http://localhost:8080/xmlui/handle/123456789/60402022-06-20T07:40:33Z2022-01-01T00:00:00ZМЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН СТЕРЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР ƏДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жакилова, С.О.
Мақалада геометриялық денелерге қатысты стереометриялық есептерді шығарудың кейбір əдістемелік аспектілері қарастырылған. Көпжақтар мен айналу денелеріне арналған стереометриялық есептер геометрия пəнінен жоғары сынып бағдарламасының соңғы бөлімінде үйретіледі. Жаратылыстану-математика бағытындағы жəне профильдік сыныптарында оқытын оқушылар үшін аса маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Мақала 10-11 сынып білім алушыларының деңгейінде геометрия пəнін оқытуға арналған бірнеше ерекшеліктердің əдістемелік
негіздерінің таныстырылымы болып табылады. Берілген мақалада ҰБТ-да
стереометриялық есептердің шықпауына əкеліп соғатын (теориялық білімнің əлсіздігі, мектеп оқулығында бір типті есептердің жиілігі) жəне қиындық туғызатын (кеңістікте елестету қабілетінің əлсіздігі) мəселелер қарастырылды. Білім алушылардан ҰБТ уақытында қандай есептерге көңіл бөледі, стереометрия бөліміне арналған жəне басқа есептерді шығару бойынша сауалнама алынды. Сауалнамадағы жауаптарды талдау кезінде ҰБТ уақытында стереометрия есептерін шығаруда уақыт аз бөлінетіндігі немесе мүлде бөлмейтіндігі анықталды. Стереометриялық есептерді шығаруды үйретуде, кеңістікте елестету қабілетін жетілдіруге жəне өзіндік білімін шыңдауға жəне есеп шығару дағдысын дамытуға сабақ үстінде көрнекі құралдардың, мультимедиялық технологиялардың қолдануы
жəне есеп шығаруда əр түрлі əдістердің қарастырылуы есептің оңай əрі тиімді жолмен шығуына жалпы оң қабылдауын көрсетті.
2022-01-01T00:00:00Z