Abstract:
Автор жұмысында жаңашыл оқытушы, тарихта өшпестей із қалдырған педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин мен Спандия Көбеевтің ағартушылық қызметке қосқан үлесі мен үндестігін дәріптейді. Шығармалары мектеп игілігінде заманауи білім беруде де өзекті деп ой түйеді. Тіл маманы ретінде ағартушының шығармаларының тәрбиелік мәні үлкен деп дәлелмен келтіреді. Шағын мәтіндері қарапайым, тілге жеңіл деп тәжірибесімен бөліседі. Автор педагог – жазушылардың мұрасын жаңа білім беру мазмұнында түрлендіріп, жаңғырту маңызды деп ой тастайды.