Abstract:
Өзектілігі. Ыбырай Алтынсарин өнегелі ісімен тарихта аты қалып, халыққа өнер – білім таратуда өлшеусіз еңбек сіңірген ағарту саласын жаңа сатыға көтерген биік тұлға. Ол нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген өз уақытының қажырлы қоғам қайраткері, өз заманының аса маңызды мәселелерін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы болғандығы қай заманда болмасын жастарымызға үлгіболып, мұраларының қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоймай келе жатқанының куәгері болып отырмыз. Ыбырай мұрасын кейінгі ұрпақ дәріптеп, асқақтата жырлайды. Бұл ақынның асыл армандарының іске асқанының көрінісі.